Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуының маңыздылығы
(last modified Sun, 13 Mar 2022 18:21:19 GMT )
Нау 14, 2022 00:21 Asia/Almaty
  • Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуының маңыздылығы

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін әлемнің түрлі жерінде аймақтық және халықаралық сипатта көптеген ұйымдар құрылып, жұмыс істей бастады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы Қытайдың Шанхай қаласында құрылғаннан бері көптеген шарықтаулар мен құлдырауларды бастан өткерді.  

Иран 2006 және 2015 жылдары осы ұйымға тұрақты мүше болып қабылдануға өтініш білдірді. Иран осы халықаралық мемлекетаралық ұйымға қосылғаннан кейін мүше елдердің аталмыш ұйымның әлемде бәсекелестікке жарайтын әскери-қорғаныс құдіретіне айналатынына үміті арта түсті.

Осыған байланысты арнайы рәсімде Иран мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер консультациясының нәтижесі жазылған протоколға қол қойды.

Сол кезде тәуелсіз саяси орталар мен саяси-қауіпсіздік сарапшыларының көбі Иранды Шанхай ынтымақтастық ұйымының жоғалған үзбесі (буыны) деп таныстырды.

Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі мемлекетаралық ұйымдар істері жөніндегі көрнекті сарапшысы Владимир Наров: "Иран сияқты ел қосылғаннан кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымының географиялық жауапкершілігі артып, аймақтық ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа перспективалар пайда болды",-деді.   

Сол себепті тәуелсіз саяси орталар Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылуын осы ел мен басқа да мүше елдер үшін "ұтыс-ұтыс" келісімі деп атады. Иран осы ұйымға мүше болудан алатын пайдасымен бірге өзінің геосаяси және геоэкономикалық әлеуетімен аталмыш ұйымның қуатын арттыруда әсерлі рөл ойнай алады. Батыс елдерінің Иранның аталмыш ұйымға қабылдануына қарсылық білдіру себептерінің бірі осы шындықта жатыр. Шын мәнінде Иран саяси-географиялық бөліністе Азия құрлығына жататын ел деп аталады. Иран Батыс Азия елдерінің қатарына жатады, Парсы шығанағы маңында орналасқан елдердің бірі және Каспий теңізінің маңындағы елдердің бірі болып табылады. Орта Азия мен Кавказ елдері, тіпті Ресеймен құрлық немесе теңіз арқылы байланысып жатыр. Осындай теңдессіз географиялық жағдай Иранды бір жағынан Батыс пен Шығысты байланыстыратын тоғыз жолдың торабы, ал екінші жағынан Солтүстік пен Оңтүстікті жалғап жатқан коммуникациялық орталыққа айналдырды.