Зангане: Оңтүстік Африкаға мұнай экспорты қайтадан басталады
(last modified Sat, 23 Apr 2016 15:09:25 GMT )
Сәу 23, 2016 21:09 Asia/Almaty
  • Зангане: Оңтүстік Африкаға мұнай экспорты қайтадан басталады

Иран ислам республикасының Мұнай министрі Иранның Оңтүстік Африка республикасына мұнай экспортын қайтадан бастайтынын хабарлады.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Оңтүстік Африка президенті Джейкоб Зуманың Теһранға сапары қарсаңында: «Санкцияларға дейін осы елге қажетті мұнайдың 40 пайызы Иран арқылы қамтамасыз етілетін. Иранға санкция салынған соң Оңтүстік Африкаға мұнай экспорты тоқтаған болатын» деді.

Зангане өзінің сенбі күні Теһранда Оңтүстік Африканың Энергия министрі Тина Джомат Петтерсонмен болатын кездесуіне сілтеме жасап, осы елдің өзінің мұнай өңдеу жобаларына Иранның қатысуына мүдделік танытқанын айтты.

Иран Мұнай министрі Иранның Оңтүстік Африкаға мұнай экспортының қайтадан қолға алынатынын қуаттап: «Оңтүстік Африканың Энергия министрімен Теһранда болатын кездесуде екі ел президенттерінің қатысуымен мұнай саласындағы меморандумға қол қойылады» деді.

Тегтер