Иран Президентінің орынбасары Нью-Йоркте қазақстандық басшымен кездесті
ИИР Президентінің әйелдер және отбасы істері жөніндегі орынбасары және Қазақстанның Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Нью-Йоркте әйелдердің жағдайы жөніндегі комиссияның 66-шы отырысының аясында кездесіп, пікір алмасты.
ИИР Президентінің әйелдер мен отбасы істері жөніндегі орынбасары Энсие Хазали осы кездесуде әйелдердің мүмкіндіктерін, әсіресе, отбасы қамқоршысы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы Иранның бағдарламалары мен шараларына тоқталды. Хазали, ИИР-ның әлеуметтік жүйесінің құрылымындағы отбасының негізі мен орнына қатысты маңыздылығына тоқталып: «Ажырасудың алдын алу мақсатында жас жұбайларға некеден кейінгі алғашқы төрт жылда қолдау көрсету бағдарламасы әзірленген»,- деді.
Қазақстанның Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының басшысы да кездесуде Иранның әйелдер мен отбасын қорғау саласындағы тәжірибелерімен алмасуды құптайтынын айтты.