Амир Абдуллахиан: Тұрақты келісімге келу АҚШ-тың реалистік қатынасын қажет етеді
(last modified Thu, 17 Mar 2022 12:54:13 GMT )
Нау 17, 2022 18:54 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Тұрақты келісімге келу АҚШ-тың реалистік қатынасын қажет етеді

Иран Сыртқы істер министрі егер біздің барлық қызыл сызықтарымыз сақталатын болса, қорытынды келісімге келуге дайын екенін айтып: "Жақсы да тұрақты келісімге келтіре алатын нәрсе – АҚШ-тың реалистік қатынасы, жаңа бұрыс талаптар қоюдан бас тартуы",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Терраспен телефон арқылы сұхбатында осы ел үкіметінің Иран халқына 40 жыл бұрынғы қарызды қайтарғанын қолдап, өзара сенім тудыратын осындай шаралар арқылы екі елдің қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасалады деп үміт білдірді.

Амир Абдуллахиан: "Келісімді қорытындылауға жақындап қалдық. Бірақ жақсы да тұрақты келісімге келтіре алатын нәрсе – АҚШ-тың реалистік қатынасы, жаңа бұрыс талаптар қоюдан бас тартуы ",-деді.

Лиз Террас осы телефон арқылы сұхбатта екіжақты қарым-қатынаста жаңа өзгерістің байқалғанына ризалық білдіріп, өзара әріптестікті кеңейтуді қалайтынын айтты.