Украиналық босқындар Германия үшін түйткілге айналды
Нау 18, 2022 17:30 Asia/Almaty
Германия канцлері украиналық босқындарды осы ел үшін үлкен түйткіл деп атады.
Ресей мен Украина соғысы басталғалы бері (24 ақпан) украиналық босқындар Еуропа шекараларына қарай ағыла бастады.
Осы күнге дейін 2 млн 800 мыңнан аса адам Украинадан босып кетті.
Германия канцлері Олаф Шольц бір конференцияда: "Германияға босып келген украиндықтардың саны бір үлкен түйткілге айналды",-деді.
Германия полициясының хабарлауынша, Украинада соғыс басталғаннан осы күнге дейін 190 мың украин Германияға келді.