Ресей Түркияның сириялық босқындарды өлтіруді жалғастырып жатқанын қуаттады
(last modified Sun, 24 Apr 2016 07:39:55 GMT )
Сәу 24, 2016 13:39 Asia/Almaty
  • Ресей Түркияның сириялық босқындарды өлтіруді жалғастырып жатқанын қуаттады

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Түркияның сириялық босқындарды өлтіруді жалғастырып жатқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова сенбі күні Түркия тарапынан сириялық босқындардың өлтіріліп жатқанына тоқталып: «Ағымдағы жылдың сәуір айының жиырмасы күні түрік шекарашылары Сирия мен Түркия шекарасында сириялық босқындарға қарай оқ жаудырды, соның салдарынан 8 сириялық азамат көз жұмды. Бұл Сирия мен Түркия шекарасында сириялық босқындарға қарай жасалған алғашқы шабуыл емес. Соңғы 4 айдың ішінде 16 адам осындай шабуылдардың құрбаны болды»,-деп мәлімдеді.

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Түркияның босқындармен қатігездікпен қатынас жасауы мен олардың құқықтарының бұзу фактілеріне тоқталып, Еуроодақтың осы саладағы саясаттарын рақымсыз деп атап, соның салдарынан бейкүнә жандар, әсіресе әйелдер мен балалардың құрбан болып жатқанын айтты.