Байден: Путин химиялық қару қолданса, жауап береміз
https://itolqyn.com/news/world-i59886
АҚШ Президенті Джо Байден Ресей Президенті Владимир Путин Украинада жаппай қырып-жоятын химиялық қаруын қолданса, АҚШ-тың жауап беретінін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 25, 2022 16:02 Asia/Almaty
  • Байден: Путин химиялық қару қолданса, жауап береміз

АҚШ Президенті Джо Байден Ресей Президенті Владимир Путин Украинада жаппай қырып-жоятын химиялық қаруын қолданса, АҚШ-тың жауап беретінін айтты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Брюссельде болған Байден баспасөз мәслихатында Associated Press тілшісінің «АҚШ-та Ресейдің химиялық қару қолдануы мүмкін екеніне сенімді дәлелдері бар ма?» деген сұрағына: «Мен барлау мәліметтерінің егжей-тегжейлерін аша алмаймын, бірақ егер ол (Путин) бұл қаруды қолданса, біз жауап береміз. Бұл жауап мөлшері бұл қаруды қолдану мөлшеріне байланысты»,- деп жауап берді. Байден G20 тобын Ресейді бұл топтан шығаруды талап етті.

Ол G20 Ресейді шығару керек деп есептейтінін және бұл туралы Брюссельде ел басшыларымен кездесулер кезінде көтерілгенін айтты.