Солтүстік Корея басшысы: Біз АҚШ-пен ұзақ мерзімді текетіреске дайынбыз
(last modified Fri, 25 Mar 2022 10:35:55 GMT )
Нау 25, 2022 16:35 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея басшысы: Біз АҚШ-пен ұзақ мерзімді текетіреске дайынбыз

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Хвасун-17 деп аталатын жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыранды (ICBM) сәтті сынағаннан кейін елінің АҚШ-пен ұзақ мерзімді текетіреске толық дайын екенін мәлімдеді.

 

IRNA-ның Йонхап ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша,  Ким Чен Ын зымыранның сынақ алаңына барып: «Солтүстік Кореяның жаңа стратегиялық қаруы әлемді біздің қарулы күштеріміздің мықтылығын тағы да анық аңғартты», - деді.  Ол Солтүстік Корея ұлттық қорғаныс күштерінің кез келген қоқан-лоққы мен бопсалауға төзімді екенін  қуаттап: «Ел қауіпсіздігін бұзған кез келген күш жоғары ақы төлеуі керек»,- деді.