АҚШ-тың шектен тыс талап етуі – Вена келіссөздеріндегі басты кедергі
ИИР Сыртқы істер министрі: «Санкцияларды жоюға бағытталған Вена келіссөздерінің соңғы кезеңінде АҚШ тарапы шектен тыс талаптар қойып отыр»,-деді.
Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні кешке Вена келіссөздеріндегі соңғы өзгерістер туралы: «АҚШ талаптарының шектен шыққаны соншалықты, тіпті Еуропаның үш елі – Франция, Германия мен Ұлыбритания да келіссөзде америкалықтарды сынады»,-деді.
2021 жылы 27 желтоқсанда басталған санкцияларды жою келіссөздерінің сегізінші кезеңі 2022 жылы 11 наурызда Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррельдің ұсынысымен үзіліс жасады. Келісімгерлер саяси кеңестер өткізу үшін өз елдеріне аттанды.
Сол заманнан бүгінге дейін тараптар келіссөздерде ілгерілеушілік болып, даулы мәселелердің азайғанын айтты. Бірақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзған АҚШ қызыл тізім мен санкциялар тізімінен жеке және заңды тұлғаларды шығару және кепілдендіру мәселесін шешуге қажетті тиісті саяси шешім қабылдамады.
Бұл жағдайда Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель бірнеше айғы дипломатиялық талқылаулардан кейін қалған мәселелерді шешіп, санкцияларды жою келіссөздерін қорытындылау үшін Иранға аттанды.
Иран тұрғысынан жақсы да тұрақты келісімге келуді қамтамасыз ететін нәрсе – АҚШ-тың реалистік қатынас танытып, жаңа бұрыс талаптар қоюдан бас тартуы. Соған сәйкес, қазір АҚШ қалған мәселелерді шешу үшін шынайы ерік-жігер танытатын болса, келіссөздердің соңғы кезеңі қолайлы уақытта басталады.
Иран, сондай-ақ, қалған маңызды тақырыптар туралы бастамаларды Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасары әрі Вена келіссөздерінің үйлестірушісі Энрике Мора арқылы АҚШ-қа жеткізді. Шын мәнінде қазір АҚШ-тың міндеті – ізгі ниет білдіріп, Иранның талаптарына жауап беру.
Бұған қарамастан, АҚШ үкіметі Венада санкцияларды жоюға бағытталған келіссөздер басталғалы бері практикалық бастамалар ұсынудың орнына түрлі тараптарды, әсіресе Иранды келіссөздерді баяулатып жатыр деп айыптады.