Еуроодақ: Вена келіссөздері қорытынды кезеңге аяқ басты
https://itolqyn.com/news/world-i59956
Еуропа комиссиясының баспасөз хатшысы дүйсенбі күні: "Иранның ядролық келісімін қайта жандандыруға бағытталған Вена келіссөздері қорытынды кезеңге аяқ басты",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 29, 2022 14:09 Asia/Almaty
  • Еуроодақ: Вена келіссөздері қорытынды кезеңге аяқ басты

Еуропа комиссиясының баспасөз хатшысы дүйсенбі күні: "Иранның ядролық келісімін қайта жандандыруға бағытталған Вена келіссөздері қорытынды кезеңге аяқ басты",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Набила Масрали дүйсенбі күні: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру үшін жүргізілген Вена келіссөздері қорытынды кезеңге жақындай түсті",-деді.

Жексенбі күні Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель Иранға қарсы санкцияларды жоюға арналған келіссөздерге тоқталып: "Трамп үкіметі Иранның ядролық келісімінен шығу арқылы қателік жасады",-деді.

Ол: "Ядролық келісімді қорытындылауға жақындап қалдық. Баптардың 95 пайызы бойынша келісімге келдік",-деді.