Ирандық дипломат: Əлем Ауғанстанға бұйрық бергенше, əріптестік жасағаны дұрыс
Иран Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары: "АҚШ-тың зұлым санкциялары мен əлемдік қауымдастықтың бүлдіргі əрекеттеріне қарамастан, Иранның Ауғанстан халқына көмегі мен əріптестігі тоқтаған жоқ",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Мұхаммед Казем Саджадпур дүйсенбі күні Исламабад стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өткен "Ауғанстанның перспективасы" атты халықаралық конференцияда бұл елдегі тұрақты қауіпсіздікті бүкіл аймақ үшін маңызды деп атап, Ауғанстанға көмектесу жəне осы ел халқының қиыншылықтарын азайту мақсатымен аймақтық əріптестікті нығайту жолында Иран мен Пәкістанның екіжақты ынтымақтастығын дамытуды маңызды деп атады.
Саджадпур Ауғанстанды əлемдегі ең күрделі мəселе деп атап: "Бұл ел тарих бойында барлық басқыншылыққа қарсы тұрды. Барша жұрт Ауғанстанды жаулап алуды оңай көрген, бірақ ол үш алпауыт ел - Ұлыбритания, Кеңес одағы мен АҚШ-ты жеңіліске ұшыратты",-деді.