Пәкістандық қайраткер: Доллар Иран мен Пәкістанның сауда айналымынан алынып тасталуы керек
Нау 30, 2022 18:28 Asia/Almaty
Пәкістанның Ирандағы бұрынғы елшісі: "Доллар екі елдің сауда айналымынан тез арада және біржолата алынып тасталып, оның орнына ұлттық валюталар – риал пен рупия қолданылады",-деп үміт білдірді.
Пәкістанның Ирандағы бұрынғы елшісі Асеф Әлихан Доурани: "Екі елдің сауда қатынасы ұлттық валюталар негізінде жүзеге асуы керек. Содан соң доллар айналымнан толық шығады",-деді.
Доурани Иран мен Пәкістанның есірткі заттарына қарсы күрес саласындағы әріптестігіне тоқталып: "Есірткі заттарына қарсы күрес – әрдайымғы үздіксіз үдеріс. Екі ел осы салаға көп қаражат жұмсап келеді",-деді.
Тегтер