Иранның деректі фильмі Үндістан кинофестиваліне қатысады
Ирандық режиссерлер Меһди Саһебдел мен Яшар Камизи түсірген "Күміс төбеде қоштасу" атты деректі фильм Үндістанның Бангалор қаласындағы кинофестивальдің жарыс бөліміне қатысады.
One Earth халықаралық фестивалінің алтыншы кезеңі ертең, 31 наурызда Үндістанның Бангалор қаласында басталады.
Халықаралық фестивальда қысқа және толық метражды көркем фильмдер, деректі фильмдер, анимация және студенттік фильмдер бөлімдері бар.
"Күміс төбеде қоштасу" атты деректі фильм оныншы рет халықаралық фестивальдарға қатысып жатыр. Бұған дейін ол Үндістанның Калакари арнайы жүлдесіне ие болды.
Бұл деректі фильмде екі жыл бұрын Иранның солтүстігіндегі Гүлістан облысында болған су тасқыны барысында Гомишан халқының өз қаласын құтқару үшін жасаған жанкешті талпынысы баяндалған.