Амир Абдуллахиан: Ауғанстанда жан-жақты ұлттық үкімет құру керек
Иран Сыртқы істер министрі Қытайдың Тунси қаласында өткен Ауғанстанға көршілес елдердің үшінші отырысында осы елде жан-жақты ұлттық үкімет құрумен қатар аймақішілік механизм қалыптастыру қажеттігін айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні осы отырыста: «Ауғанстан қиыншылықтарының тамыры АҚШ тарапынан ұзақ жылдарға басып алынуы және оның қате саясат жүргізуінде жатыр»,-деді.
Амир Абдуллахиан: «Ауғанстанның ұзақ жылдарға басып алынуы оның дамуына көмектеспегені былай тұрсын, бағыныштылықтың бір түрін тудырды. Басқыншылар кері шегіннен кейін бұл елдің саяси-экономикалық құрылымдары ыдырап, әдеттегідей тек жапа шеккен халық осы жағдайдың басты құрбаны болды»,-деді.
Иранның Сыртқы істер министрі Ауғанстанда лаңкестік қатерінің артқанына және онда АҚШ-тың ізі байқалғанына тоқталып: «Бүгінде АҚШ Ауғанстанды қайта жөндеу жұмыстарына қатысу туралы сөз қозғамайды. Бұл ел 20 жыл бойы Ауғанстанды уысында ұстаса да, халыққа көмектесу үшін бірде-бір әрекет жасамады»,-деді.