Хатибзаде: АҚШ-тың Иран азаматтарына қарсы жаңа санкциялары Вашингтонның теріс ниетін көрсетті
Нау 31, 2022 22:44 Asia/Almaty
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Иран азаматтарына қарсы жаңа санкцияларын Вашингтон үкіметінің Иран халқына қарсы теріс ниетінің тағы бір көрінісі деп атады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде бейсенбі күні: «АҚШ-тың Иран азаматтарына қарсы жаңа санкциялары – Вашингтон үкіметінің Иран халқына қарсы теріс ниетінің тағы бір көрінісі. Олар Иранға қарсы барынша қысым атты жеңіліс тапқан саясатты жалғастыруда»,-деді.
Хатибзаде: «АҚШ-тың қазіргі үкіметі өз уәждеріне керісінше Иран халқына негізсіз айып тағып, қысым жасау үшін кез келген жағдайды пайдаланатынын көрсетті»,-деді.
Тегтер