Хатибзаде: АҚШ-тың Иран азаматтарына қарсы жаңа санкциялары Вашингтонның теріс ниетін көрсетті
https://itolqyn.com/news/world-i60016-Хатибзаде_АҚШ_тың_Иран_азаматтарына_қарсы_жаңа_санкциялары_Вашингтонның_теріс_ниетін_көрсетті
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Иран азаматтарына қарсы жаңа санкцияларын Вашингтон үкіметінің Иран халқына қарсы теріс ниетінің тағы бір көрінісі деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 31, 2022 22:44 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: АҚШ-тың Иран азаматтарына қарсы жаңа санкциялары Вашингтонның теріс ниетін көрсетті

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Иран азаматтарына қарсы жаңа санкцияларын Вашингтон үкіметінің Иран халқына қарсы теріс ниетінің тағы бір көрінісі деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде бейсенбі күні: «АҚШ-тың Иран азаматтарына қарсы жаңа санкциялары – Вашингтон үкіметінің Иран халқына қарсы теріс ниетінің тағы бір көрінісі. Олар Иранға қарсы барынша қысым атты жеңіліс тапқан саясатты жалғастыруда»,-деді.

Хатибзаде: «АҚШ-тың қазіргі үкіметі өз уәждеріне керісінше Иран халқына негізсіз айып тағып, қысым жасау үшін кез келген жағдайды пайдаланатынын көрсетті»,-деді.