Ресей АҚШ-ты Биологиялық қарулар конвенциясын бұзды деп айыптады
https://itolqyn.com/news/world-i60082-Ресей_АҚШ_ты_Биологиялық_қарулар_конвенциясын_бұзды_деп_айыптады
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский Нью-Йорктегі баспасөз конференциясында: "АҚШ-тың Украина жеріндегі әскери-биологиялық жұмыстары Биологиялық қарулар конвенциясын бұзу болып саналады",-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 03, 2022 20:37 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-ты Биологиялық қарулар конвенциясын бұзды деп айыптады

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский Нью-Йорктегі баспасөз конференциясында: "АҚШ-тың Украина жеріндегі әскери-биологиялық жұмыстары Биологиялық қарулар конвенциясын бұзу болып саналады",-деп мәлімдеді.

Ол Ресей Қорғаныс министрлігінің АҚШ-тың Украина жеріндегі әскери-биологиялық жұмыстары туралы құжаттарға қатысты мәлімдемесін оқып: "Біз АҚШ саяси билігінің Украинадағы әскери-биологиялық жұмыстарды қаржылай қамтамасыз етуге тікелей араласқаны туралы құжаттарды сараптап жатырмыз",-деді.

Полянский: "Ресей Қорғаныс министрлігі тапқан құжаттар бойынша, Украина басшылары АҚШ Қорғаныс министрлігінің тікелей қолдауы және жетекшілігімен әскери-биологиялық бағдарлама аясында қатерлі сынақтар мен жобалар орындаған. Бұл жұмыстар жылдар бойы Украина жерінде Еуопаның шығыс бөлігінің ортасында, Ресей шекарасына жақын жерде жүзеге асырылған. Бұл Ресей мен аймақтың биологиялық қауіпсіздігіне шынайы қатер төндіреді",-деді.

АҚШ-тың биологиялық қаруларды дамыту саласында Украинаға көмегінің жаңа қырларының ашылуы Вашингтонның осы елде биологиялық қару-жарақтар жасау саласында көздеп отырған шынайы мақсаттарын көрсетіп отыр.

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев: "Өркениетті әлем ақырында АҚШ-тың нацистік Германия мен үшінші рейхтің (Гитлер) жолын жалғастырып, адамдарға жантүршігерлік сынақтар жасағанын көреді",-деді.

АҚШ – Биологиялық қарулар конвенциясына мүше. Конвенция 1972 жылы бекітіліп, 1975 жылы күшіне енген болатын. Бірақ АҚШ іс жүзінде адамзатқа жат осы қару-жарақтың алуан түрін дамытуда көш бастап келеді.

АҚШ биологиялық зертханаларының әлемнің түкпір-түкпірінде орналасуы Вашингтонның Жер планетасындағы адамзат баласының өміріне көңіл аудармай, жаппай қырып-жоятын қаруларды жасау үшін үздіксіз талпыныс жасап келе жатқанын көрсетеді. Вашингтон бұлтартқысыз құжаттарға қарамастан, Украинада биологиялық зертханалар орналастырғанын теріске шығарып келеді. АҚШ басшылары осы орталықтарда жүргізілген биологиялық жұмыстардың қатерлі де бүлдіргі сипатынан хабардар. Сол себепті Пентагонның осы зертханаларға қатысы барын мойындамайды. АҚШ өз жерінде ондаған ірі биологиялық зертханаға ие болумен қатар, соңғы жылдарда шет елдерде биологиялық қарулар жасайтын зертханаларды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді.  Кейбір есептеулер бойынша, әлемнің түкпір-түкпіріндегі биологиялық зертханалар саны 200-ден асады. Вашингтон шын мәнінде АҚШ-та биологиялық апат болмауы үшін осы зертханаларды өз территориясынан тыс жерге көшірді. Өйткені бұрындары елде бірнеше апат орын алған болатын.