Иран: Адам құқықтары кеңесіне мүшелік саяси негізде болмауы керек
Сәу 08, 2022 15:35 Asia/Almaty
Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі бұл халықаралық ұйымға мүшелік саясатқа негізделмеуі керектігін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Маджид Тахтраванчи Ресейдің Адам құқығы кеңесіндегі мүшелігін тоқтатуға дауыс беру туралы ұйымның Бас ассамблеясының кезектен тыс отырысында: «Иран қарар жобасының мәтінін саяси мақсаттарды көздейтін және БҰҰ-ның бейтараптығына нұқсан келтіреді деп санайды»,- деді. Тахтраванчи адам құқығының көреген саяси ойлардың құрбаны болмауы керектігін баса айтып: «Адам құқықтары жөніндегі кеңестің жұмысы саяси емес және текетірсессіз жүргізілуі керек және бұл органға мүшелік саясатқа негізделмеуі керек»,- деп мәлімдеді.
Тегтер