Ресейдің БҰҰ Адам құқықтары кеңесіндегі мүшелігі уақытша тоқтатылды
БҰҰ Бас Ассамблеясы 93 қолдау, 24 қарсы және 58 қалыс Ресейдің БҰҰ Адам құқықтары кеңесіндегі мүшелігін дауыспен уақытша тоқтатты.
IRNA агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ Бас ассамблеясының Украина соғысы бойынша кезектен тыс үшінші отырысы АҚШ пен оның одақтастарының өтініші бойынша жергілікті уақытпен бейсенбі күні Ресейдің Адам құқықтары кеңесіндегі мүшелігін тоқтату үшін шақырылды.
Алжир, Беларусь, Куба, Солтүстік Корея, Иран, Қазақстан, Қытай, Ресей, Сирия, Өзбекстан, Тәжікстан және Вьетнам сияқты 24 мемлекет Ресейдің Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігін тоқтатуға қарсы дауыс берді. Бас ассамблея қабылдаған қарарда Кеңестің Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде «адам құқықтарының ауыр және жүйелі түрде бұзылуы» және «халықаралық гуманитарлық құқықтың бұзылуы» туралы хабарларға қатты алаңдайтыны айтылған.