Амир Абдоллахиан: Сионистік режим Палестина қарсыласуына шыдамайды.
(last modified Sat, 16 Apr 2022 12:44:52 GMT )
Сәу 16, 2022 18:44 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллахиан: Сионистік режим Палестина қарсыласуына шыдамайды.

Иран Сыртқы істер министрі: «Сионистік режим халықтың көтерілісі мен Палестина қарсыласуына төтеп бере алмайтындай әлсіз»,- деді.

IRNA-ның хабарлауы бойынша,  Хұсейн Амир Абдоллахиан Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) саяси кеңсесінің басшысы  Исмаил Ханиямен телефон арқылы сөйлесуінде барлық палестиналық шәһидтер мен қарсыласушылардың рухына тағзым ете отырып, сионистік режимнің әл-Ақса мешітін қорлау әрекетін қатаң айыптады. Иран Сыртқы істер министрі әл-Ақса мешітінде болған оқиғаның Палестинаның қаһарман және ержүрек халқының тірі және өсіп келе жатқан қарсыласуы мен сионистердің дәрменсіздігін көрсетеді деп мәлімдеді. Исмаил Хания әл-Ақса мешітіндегі соңғы қылмыстарды сипаттады.  Палестина бүгінде екі жолдың алдында тұр: әл-Ақса мешітінің еврейлендіруді қабылдау немесе сионистік режимге қарсы тұру. Палестина халқы мен қарсыласу топтары қарсыласу жолын табанды түрде таңдады