Кабулдағы жарылыстан ондаған адам қаза тапты және жараланды
https://itolqyn.com/news/world-i60436-Кабулдағы_жарылыстан_ондаған_адам_қаза_тапты_және_жараланды
Сейсенбі күні Ауғанстан астанасы Кабулдың батысында болған жарылыстарда ондаған адам қаза тапты және жараланды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 19, 2022 16:11 Asia/Almaty

Сейсенбі күні Ауғанстан астанасы Кабулдың батысында болған жарылыстарда ондаған адам қаза тапты және жараланды.

 

Кабулдың Қала-е-Нау ауданында екі мемлекеттік және жеке мектеп алдында болған бірнеше жарылыс салдарынан ондаған адам қаза тапты немесе жараланды. Куәгерлердің айтуынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 9:30-да Кабулдың батысындағы Қала-е-Нау аймағындағы Мумтаз оқу орталығында жарылыс болды. Бірнеше минуттан кейін Кабулдың Танк-Тил ауданындағы Абдурахим Шаһид мектебінің кіреберісінде қатарынан екі жарылыс болды. Талибанның Ауғанстанды басып алғанына қарамастан, елдің әртүрлі аймақтарында, әсіресе астасы Кабул  қауіпсіздік оқиғалардың куәсі болуды жалғастыруда.