Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Швециядағы Құранды қорлауды айыптады
(last modified Wed, 20 Apr 2022 11:51:13 GMT )
Сәу 20, 2022 17:51 Asia/Almaty
  • Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Швециядағы Құранды қорлауды айыптады

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысы Швецияда Құран Кәрімнің өртелуін айыптай отырып, бұл әрекетті өркениетті қоғамдардың барлық құндылықтарына қайшы деп санады.

Хұсейн Ибрахим Таха  сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде Швециядағы мұсылмандарға қарсы шерулерде Құран Кәрімнің көшірмелерін өртеп жіберуді арандатушылық әрекет деп атап, оны айыптады.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы: «Данияның әсіре оңшыл партиясы ұйымдастырған шерулер мұсылман әлемінде әсіре оңшыл жақтастар бастаған исламофобия толқынының күшеюіне қатысты алаңдаушылықты арттырды»,- деді.  

Даниядағы әсіре оңшыл партияның жетекшісі Расмус Палуден есімді нәсілшіл қайраткер Швецияның бір ауданында Құранды өртеп жіберген. Ел полициясының қолдауымен сөз бостандығын сылтауратып жасалған бұл әрекет ислам әлемінде жаппай реакция тудырды.