Парсы шығанағында 200 мың литр контрабандалық сұйық отын тиеген шетелдік кеме ұсталды
https://itolqyn.com/news/world-i60558-Парсы_шығанағында_200_мың_литр_контрабандалық_сұйық_отын_тиеген_шетелдік_кеме_ұсталды
Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштеріне тиесі екінші аймақтың баспасөз қызметі Парсы шығанағында 200 мың литр контрабандалық отын тиеген шетелдік кеменің ұсталғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 24, 2022 21:08 Asia/Almaty
  • Парсы шығанағында 200 мың литр контрабандалық сұйық отын тиеген шетелдік кеме ұсталды

Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштеріне тиесі екінші аймақтың баспасөз қызметі Парсы шығанағында 200 мың литр контрабандалық отын тиеген шетелдік кеменің ұсталғанын хабарлады.

Полковник Ғұлам Хұсейн Хұсейни Бушерде Fars ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Кеменің 8 экипажы ұсталып, тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Бушер айлағына жеткізіліп, сот мекемесіне тапсырылды»,-деді.

Сақшылар корпусының теңіз күштеріне тиесі екінші аймақтың баспасөз қызметінің басшысы: «Осы шетелдік кемеге отын жеткізуді көздеген 5 кеме де тексеріліп, олардың құжаттары тергеуді толықтыру үшін тәркіленді»,-деді.