Иран СІМ Дүниежүзілік Құдс күніне орай мәлімдеме жасады
(last modified Thu, 28 Apr 2022 12:39:53 GMT )
Сәу 28, 2022 18:39 Asia/Almaty
  • Иран СІМ Дүниежүзілік Құдс күніне орай мәлімдеме жасады

Иран СІМ: «Палестинаның негізгі тұрғындарының түгел қатысуымен референдум өткізу бұрынғыдай Палестинаның тағдыры мен келешегін анықтау үшін практикалық және демократиялық ұсыныс болып қала береді»,-деп мәлімдеді.

Иран СІМ бейсенбі күні мәлімдеме жасап, әлем халықтарын, әсіресе Иран халқын Дүниежүзілік Құдс күніне арналған бағдарламаларға кеңінен қатысуға шақырып: «Дүниежүзілік Құдс күні – Ислам революциясының негізін қалаушының естелігі, ислам әлемінің бірлігі мен біртұтастығының символы, Палестинаның биік армандарын сақтаудың символы, Палестинаның мазлұм халқының сионист басқыншыларға қарсы күресін қолдауының белгісі»,-деді.

Бұл мәлімдемеде: «Бүгінде Құдс мәселесі исламдық қана емес, жаһандық әрі адами мәселе. Бұл – азаттық көрсеткіші. Ислам революциясы жетекшісінің түсіндіруінше, бүгінде Палестинаны қорғау – ақиқатты қорғау. Бұл ақиқат Палестина мәселесінен әлдеқайда кең. Қазіргі таңда сионистік режиммен күрес – үстемшіл жүйеге қарсы күрес»,-делінген.