Қазақстан мен Ресей өзара сауда-экономикалық әріптестікті дамыту қажеттігін айтты
Қазақстан мен Ресей басшылары телефон арқылы сұхбатта екі елдің сауда-экономикалық әріптестігін дамыту қажеттігін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сұхбатта екіжақты мәселелерді талқылап, сауда-экономикалық әріптестікті дамыту қажеттігін айтты.
Қазақстан мен Ресей басшылары өз үкіметтеріне жылдам шешілуі тиіс мәселелерге баса назар аударуға бұйрық беруге келісті. Ресей Президенті әкімшілігінің сайтында хабарланғандай, Путин пен Тоқаев екі елдің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясындағы әріптестігі туралы сұхбаттасты.
Қазақстан Президенті, сондай-ақ, Путинге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің мамыр айының ортасында Мәскеуде өтетін отырысына қатысуға шақырғанына алғыс айтты.