Иран мен Тәжікстан басшылары телефон арқылы сұхбаттасты
Иран мен Тәжікстан басшылары аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін екі елдің үйлесе әрекет етуі қажеттігін баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси жексенбі күні кешке Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сұхбатында осы елдің халқы мен үкіметін Ораза айтпен құттықтап: "Тәжікстан халқының қауіпсіздігі мен бақуаттылығы – Иран халқының қауіпсіздігі мен бақуаттылығы",-деді.
Раиси Иран мен Тәжікстанның қауіпсіздік саласында үйлесе әрекет ету қажеттігін айтып: "Иран аймақтың, әсіресе Ауғанстанның қауіпсіздік жағдайына алаңдайды",-деді.
Иран Президенті Тәжікстан Президентін Иранға іссапармен келуге шақырды.
Тәжікстан Президенті де Иран Президентінің шақыруына алғыс айтып, осы елдің халқы мен үкіметін Ораза айтпен құттықтады.