Иран Сыртқы істер министрі ислам елдерінің Сыртқы істер министрлерін Ораза айтпен құттықтады
Иран Сыртқы істер министрі ислам елдерінің Сыртқы істер министрлеріне жеке-жеке хат жолдап, Ораза айт мейрамымен құттықтады.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан ислам елдерінің Сыртқы істер министрлеріне: "Ораза айт – адамгершілік мерекесі. Бір ай бойғы ғибадат пен құлшылықтың арқасында қуаныш пен шүкіршілік жауатын күн. Рамазан айының соңында осы айттың салтанатты түрде атап өтілуі ислам дінінің армандарын орындау үшін мұсылмандар арасында достық, бауырластық және бірауыздылықты нығайта түседі",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі ислам елдерінің Сыртқы істер министрлеріне жеке-жеке хатында: "Ислам елдері басшыларының үйлесе әрекет етуі мұсылмандардың ауызбіршілігін нығайту және ислам қоғамдарын дамытуда әсерлі рөл атқаратыны сөзсіз",-делінген.
Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің Айды бақылау штабының хабарлауынша, шаууал айы жексенбі күні кешке байқалмады, сондықтан Иранда бүгін – х.қ.ж.с.б. 1443 жылғы рамазан айының 30 жұлдызы.