Мадуро Иран мен Венесуэла арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға үміт білдірді
(last modified Tue, 03 May 2022 14:22:02 GMT )
Maм 03, 2022 20:22 Asia/Almaty
  • Мадуро Иран мен Венесуэла арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға үміт білдірді

Венесуэла Президенті Иран Мұнай министрінің сапарын сындарлы және екіжақты ынтымақтастықты, әсіресе энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға негіз деп сипаттады.

 

 

 

Венесуэла Президенті Николас Мадуро АҚШ-тың екі елге салған санкцияларының әсерін азайту мақсатпен ИИР Мұнай министрі Джавад Оджидің кеше (дүйсенбі) еліне жасаған сапары туралы: «Бұл сапар Теһран мен Каракас арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайта түсетін сындарлы сапар болды»,- деді. Ол Иранның Мұнай министрімен кездесуді сындарлы болды деп тоқталып: «Энергия мәселелері саласындағы бауырластық пен ынтымақтастықты тереңдету үшін сындарлы кездесу орын алды»,- деп айтты.

Оджи Мадуромен кездесуден бұрын Венесуэланың Мұнай министрі Тарик әл-Исамимен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық механизмін арттыруды жалғастыру және АҚШ пен одақтастардың Теһран мен Каракасқа қарсы біржақты санкцияларынан өту  жолы мен механизмі  туралы пікір алмасты.