Раиси Иран мен Түрікменстан қарым-қатынасын кеңейтуді жылдамдату қажеттігін айтты
Иран Президенті осы ел мен Түрікменстанның қарым-қатынасын кеңейтуді жылдамдату қажеттігін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси сейсенбі күні Түрікменстанның Президенті Сардар Бердімұхаммедовпен телефон арқылы сұхбаттасып, осы елдің үкіметі мен халқын Ораза айт мерекесімен құттықтап: «Түрікменстанның бұрынғы басшысының қолдауымен Теһран мен Ашхабадтың әріптестігі әртүрлі салаларда, соның ішінде газ, транзит және темір жол тасымалы салаларында жақсы дамыды. Енді Сіздің басшылығыңызбен бұл үдеріс жылдамдай түсетіні анық»,-деді.
Сардар Бердімұхаммедов осы телефон арқылы сұхбатта Иран халқы мен үкіметін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толғанына тоқталып: «Түрікменстан әралуан әлеуеттерді ескеріп, екіжақты әріптестік деңгейін жоғарылату үдерісін жылдамдатуға бар күшін салады. Ортақ экономикалық ынтымақтастық комиссиясының жұмысын жандандыру осы мақсатты орындауға көп көмегін тигізеді»,-деді.