Раиси: Иран мен Кувейт қарым-қатынасы өзінің шынайы әлеуетіне қайтып оралуы керек
(last modified Wed, 04 May 2022 10:17:43 GMT )
Maм 04, 2022 16:17 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран мен Кувейт қарым-қатынасы өзінің шынайы әлеуетіне қайтып оралуы керек

Иран Президенті Кувейттің аймақтағы қастандықтарға қарсы ұстанымдарын қырағы деп сипаттап, Иран мен Кувейттің бұрын жақсы қарым-қатынасқа ие болғанына тоқталып: «Ежелгі дос екі елдің қарым-қатынасы өзінің шынайы әлеуетіне қайтып оралуы керек»,-деді.

Иран Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси сейсенбі күні түстен кейін Катар әмірі шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер әл-Сабахпен телефон арқылы сұхбатында осы елдің халқы мен үкіметін Ораза айт мерекесімен құттықтап: «Алла тағала көршілес Кувейт халқы мен барша мұсылмандарға құт-береке береді деп үміттенемін»,-деді.

Раиси: «Осындай мерекелік шараларда мұсылмандардың жүректерінің жақындауы ислам елдері арасында бірлікті арттырады»,-деді.

Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер әл-Сабах осы телефон арқылы сұхбатта Иран халқы мен үкіметін Ораза айт мерекесімен құттықтап: «Сіздің басқаруыңыз кезінде ИИР-дың дос әрі көршілес елдермен қарым-қатынасты дамытуға бағытталған ұстанымына қуаныштымыз»,-деді.