Венгрия Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентімен кездесті
(last modified Thu, 05 May 2022 11:10:09 GMT )
Maм 05, 2022 17:10 Asia/Almaty
  • Венгрия Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентімен кездесті

Венгрия Сауда және сыртқы істер министрі Орта Азия елдеріне іссапары аясында Қазақстан Президентімен кездесті.

Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийярто Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде екі елдің саясат, сауда, экономика, инвестиция, мәдениет және гуманитарлық шаралар салаларындағы стратегиялық әріптестігін дамыту перспективасын талқылады.

Тоқаев Венгрия Премьер-министрі Виктор Урбан басқаратын FIDESZ альянсының соңғы парламенттік сайлауда жеңіске жеткенімен құттықтап, Будапештпен әріптестікті дамытуға баса назар аударатынын, экономика саласында айтарлықтай мүмкіндіктер барын айтты.

Қазақстан Президенті осы кездесуде Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында ауқымды саяси-экономикалық реформалар жасауға және конституцияға өзгерістер енгізу үшін референдум өткізуге дайындық жүріп жатқанын айтты.   

Тегтер