Неміс мүсінші Хафиздің бейітіне Гете мүсінін сыйға тартты
(last modified Fri, 06 May 2022 14:30:37 GMT )
Maм 06, 2022 20:30 Asia/Almaty
  • Неміс мүсінші Хафиздің бейітіне Гете мүсінін сыйға тартты

Шираз қаласы күніне байланысты неміс мүсінші Кнут Рейнхарт Хафиз Ширази мазарына ақын және философ Иоганн Вольфганг фон Гётенің мүсінің сыйға тартты.

 

Мамырдың бесі Иран күнтізбесінде Шираз күні деп аталады және осы себепті жыл сайын бұл күні арнайы бағдарламалар өткізіледі. Бұлай аталу себебі – мамыр айындағы Шираздың ерекше сұлулығы. IRNA-ның хабарлауы бойынша, неміс мүсінші Кнут Рейнхарт неміс ақыны және философы Иоган Вольфганг фон Гётенің мүсінің Хафиз Ширази мазарына сыйға тартудың символикалық рәсімінде былай деді: «Дүниежүзі әдебиеті тарихындағы көрнекті екі тұлға Хафиз мен Гетені әлем халқына дұрыс таныстыруға күш салу керек»,- деді. Рейнхарт   Гете мүсінінің неміс ақыны және философының туған жері Франкфурттен Хафиз Ширазидің туған жері Ширазға дейін жол жүргеніне тоқталып: «Хафез бейітіне Гете мүсінің орнату өте маңызды және бұл жерде Гете мен Хафиз рухын сақтауға күш салу керек»,- деді.