Амир Абдуллахиан: Хирманд өзеніне қатысты Ауғанстан билігіне риза емеспіз
https://itolqyn.com/news/world-i60932-Амир_Абдуллахиан_Хирманд_өзеніне_қатысты_Ауғанстан_билігіне_риза_емеспіз
Иран Сыртқы істер министрі Хирманд өзенінің суын пайдалану құқығына қатысты Иран мен Ауғанстан билігімен қайшылықтар барын айтып: «Бұл мәселеде Ауғанстанның уақытша үкіметіне риза емеспіз»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 10, 2022 15:47 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Хирманд өзеніне қатысты Ауғанстан билігіне риза емеспіз

Иран Сыртқы істер министрі Хирманд өзенінің суын пайдалану құқығына қатысты Иран мен Ауғанстан билігімен қайшылықтар барын айтып: «Бұл мәселеде Ауғанстанның уақытша үкіметіне риза емеспіз»,-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Парламенттің сейсенбі күнгі ашық жиналысында: «Камалхан бөгеті толғаннан кейін бөгетті ашуға өтініш жасадық. Ауғандықтар бөгеттің жолы тазаланбағандықтан су жіберілсе, ол кері ағып, арна бойындағы турбиналарды бұзатынын айтты»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі: «Арнаны тазартып беруге дайын екенімізді айттық. Бірақ ауған тарапы қарсылық білдірді»,-деді.