Ертең Катар әмірі Теһранға барады
(last modified Wed, 11 May 2022 08:42:29 GMT )
Maм 11, 2022 14:42 Asia/Almaty
  • Ертең Катар әмірі Теһранға барады

Катар әмірі ертең, бейсенбі күні ИИР Президентінің ресми шақыруымен жоғары мәртебелі саяси-экономикалық делегацияны бастап Теһранға барады.

Катар – Иранның сыртқы саясатында басым бағытқа ие елдердің бірі. Екі елдің тарихына шолу жасағанда өзара қарым-қатынастың ұдайы терең әрі қарқынды болғанын көруге болады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Катар әмірінің бір күндік сапары барысында ресми қарсы алу, басшылардың екіжақты кездесуі, екі ел делегацияларының кеңесі, екі ел басшыларының баспасөз отырысын өткізу жоспарланған.  

Айта кету керек, ИИР Президенті 2022 жылы ақпанда Катар әмірінің ресми шақыруымен Газ экспорттаушы елдер басшыларының саммитына қатысу үшін Дохаға сапар шеккен болатын. Осы сапар барысында Иран мен Катар арасында 14 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.