Украина Ресейдің Еуропаға экспорттайтын газының бір бөлігін тасымалдауды тоқтатуға шешім қабылдады
https://itolqyn.com/news/world-i60954-Украина_Ресейдің_Еуропаға_экспорттайтын_газының_бір_бөлігін_тасымалдауды_тоқтатуға_шешім_қабылдады
Украинаның ұлттық газ компаниясы Ресейдің Еуропаға экспорттайтын газының бір бөлігін тасымалдауды тоқтатуға шешім қабылдады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 11, 2022 15:24 Asia/Almaty
  • Украина Ресейдің Еуропаға экспорттайтын газының бір бөлігін тасымалдауды тоқтатуға шешім қабылдады

Украинаның ұлттық газ компаниясы Ресейдің Еуропаға экспорттайтын газының бір бөлігін тасымалдауды тоқтатуға шешім қабылдады.

Украинаның ұлттық газ компаниясы: «Сәрсенбі күннен бастап басты транзиттік жол арқылы Еуропаға өтетін Ресей газының бір бөлігін тоқтатуға дайынбыз»,-деп мәлімдеді.    

Осы компанияның мәлімдемесінде: «Ресей әскерилерінің техникалық мәселелерге араласуына байланысты Новопсков қаласында газ қысымын бақылау стансасы арқылы газ тасымалдау тоқтатылады»,-делінген.

Украинаның шығысындағы Луганск облысында орналасқан Новопсков компрессорлық стансасы Ресей күштерінің бақылауында.

Сухаранка жолы арқылы газ тасымалдауды тоқтату 11 мамырдан басталады.

Украина ұлттық газ компаниясының басшысы Юрий Витренко: «Ресей газ тасымалдау бағытын өзгертуге әрекет жасамаса, Украина жері арқылы Еуропаға газ тасымалдау көлемі үштен бірге азаюы мүмкін»,-деп хабарлады.

Украина ұлттық газ компаниясының хабарлауынша, Ресей күштерінің бақылауындағы Сухаранка транзиттік жолы арқылы тасымалданатын газ Украина күштерінің бақылауындағы басқа аймаққа жөнелтілетін болады.