Генерал Бақери Тәжікстан президентімен кездесті
ИИР Қарулы Күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мохаммад Бақери дүйсенбі күні Тәжікстанның президенттік сарайында Эмомали Рахмонмен кездесті.
Қарулы Күштер Бас штабының қоғаммен байланыс орнату бөлімінің мәліметінше, Тәжікстан президенті бұл кездесуде Иранның жоғары дәрежелі әскери делегациясының Тәжікстанға келуіне ризалығын білдіріп: «Тәжікстан Қарулы Күштері Иран қарулы күштерімен ұшқышсыз авиация зауытының ашылуы сияқты кез келген екі жақты әскери-қорғаныс ынтымақтастығын құптайды және бұл ынтымақтастық барлық әскери салаларда ең жоғары деңгейге жетуі керек»,- деді. Бұл кездесуде генерал Бақери екі елдің аймақтағы стратегиялық ұстанымына да тоқталып: «Екі елдің бірлескен әскери өзара іс-қимылдары мен қарым-қатынастарының деңгейін нығайту, жаңарту және дамыту және әртүрлі әскери салалардағы ынтымақтастықты арттыру ИИР Қарулы күштерінің Тәжікстанмен арасындағы маңызды басымдықтарының бірі болып табылады»,- деп мәлімдеді.