Финляндияда НАТО туы өртелді
(last modified Mon, 23 May 2022 10:30:52 GMT )
Maм 23, 2022 16:30 Asia/Almaty
  • Финляндияда НАТО туы өртелді

Финляндияда бір журналист НАТО-ның туын өртеді.

Финляндиядағы Тәуелсіз журналистер одағының басшысы Жуха Корхонен осы елдің астанасы Хельсинки қаласының ортасында НАТО туын өртеп: "Финляндия халқының көбі бұл елдің НАТО-ға қосылуына қарсы",-деді.

Жуха Корхонен, сондай-ақ: "НАТО Финляндияда қауіпсіздіктің артуына себеп болмайды",-деді.

Финляндиялық журналист: "Елде адамдардың көбі НАТО-ға қарсы. Өйткені бұл альянс Ресеймен текетіресті күшейтіп отыр",-деді.  

Ресей 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастағаннан бері Финляндия  мен Швециядағы қоғамдық пікір НАТО-ға қосылуға қатты ынта білдіріп отыр.