Амир Абдуллахиан: Мықты да тұрақты ядролық келісімге келуді қалаймыз
https://itolqyn.com/news/world-i61320
ИИР Сыртқы істер министрі Швейцарияның Давос форумы аясында сөйлеген сөзінде: "Мықты да тұрақты ядролық келісімге келуді қалаймыз. Сондықтан дипломатия есігін ашық ұстаймыз",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 26, 2022 17:20 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі Швейцарияның Давос форумы аясында сөйлеген сөзінде: "Мықты да тұрақты ядролық келісімге келуді қалаймыз. Сондықтан дипломатия есігін ашық ұстаймыз",-деді.

Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні Давос форумы аясында CNN  телеарнасына берген сұхбатында:"Жуырда ядролық келісімді қайта жандандыру үшін жаңа бастама көтердік. АҚШ Президенті Джо Байден барынша қысым саясатын тоқтатуы керек",-деді.

ИИР Сыртқы істер министрі: "2015 жылғы ядролық келісімге қайта оралу Иранның халықаралық экономикалық белсенділіктерге қайта оралуымен тікелей байланысты",-деді.

Амир Абдуллахиан: "АҚШ-тың санкция салуында бір қисынсыз қатынас байқалады. Вена келіссөздері барысында Байден Иранға қарсы жаңа санкциялар салды",-деді.

ИИР Сыртқы істер министрі: "ИИР-дың АҚШ-пен байланысың критерийі – америкалық тараптың қатынасы",-деді.