Тахтраванчи Гутерришке шәһид Сайяд Ходаиға жасалған террор туралы хат жазды
(last modified Thu, 26 May 2022 13:11:29 GMT )
Maм 26, 2022 19:11 Asia/Almaty
  • Тахтраванчи Гутерришке шәһид Сайяд Ходаиға жасалған террор туралы хат жазды

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи осы ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерришке жазған хатында: "2022 жылы 22 мамырда Иран Қарулы күштерінің құрамында лаңкестікпен күрес және ДАИШ-ке қарсы тұру саласында белсенді рөл атқарған шәһид Сайяд Ходаиға террор жасалды",-деп жазды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы хатта: "Алдын ала болжау және қолда бар куәлерге қарағанда, бұл лаңкестік әрекет кейбір режимдердің сыртқы саясатында заңсыз мақсаттарды ілгерілету үшін негізгі құралдардың бірі ретінде ирандық ғалымдар мен жазықсыз азаматтарға қарсы жүйелі түрде жасалып жатқан террорлардың жалғасында жоспарланып, орындалды",-делінген.

Тахтраванчи өз хатында: "Мұндай әрекет БҰҰ-ның жарғысы, халықаралық заңдар мен адамның түбегейлі құқықтарына қайшы келеді. Аймақ пен әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шынайы қатер төндіретіні күмәнсіз. Бұған лаңкестерді демеушілер жауапты болады",-деді.