Сионистік режим сардар Ходаиға террор жасағанын мойындады
The New York Times газеті өз мақаласында: "Сионистік режим АҚШ-қа шәһид Сайяд Ходаиға террор жасағанын мәлімдеді",-деп жазды.
Қасиетті кесенені қорғаушы полковник Сайяд Ходаи жексенбі күні Теһранда революцияға қарсы лаңкестер мен әлемдік үстемшілдерге бағынышты адамдардың нысанасына алынып, шәһид болды.
New York Times газеті: "Сионистік режим Премьер-министрінің ақпарат хатшысы осы террор жайлы пікір білдіруден бас тартты. Бірақ бір қауіпсіздік қызметкерінің айтуынша, сионистік режим америкалық басшыларға шәһид Сайяд Ходаиға террордың осы режимнің жалдамалылары жасағанын айтты",-деп жазды.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Салами әлемдік үстемшілдерге тиесілі адамдар тарапынан шәһид Сайяд Ходаиға жасалған террор туралы: "Дұшпанның кез келген әрекетіне кесімді жауап беріледі",-деді.