Шамхани: Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға талпыну керек
https://itolqyn.com/news/world-i61344
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Ауғанстанда қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылық орнату аймақ елдерінің бәріне қажет»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 27, 2022 17:22 Asia/Almaty
  • Шамхани: Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға талпыну керек

ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Ауғанстанда қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылық орнату аймақ елдерінің бәріне қажет»,-деді.

Шамхани Тәжікстанның астанасы Душанбеде өткен IV Аймақтық қауіпсіздік диалогында сөйлеген сөзінде аймақтың жағдайы, соның ішінде  Ауғанстанның жағдайын баяндап: «ИИР әрдайым Ауғанстанда қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылық болуын қалайды. Мұны осы ел халқы мен аймақтың әл-ауқатын жақсартуға қажетті шарт деп санайды»,-деді.

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Ауғанстандағы жиырма жылдық соғыс пен Украина соғысына АҚШ-тың қате экспансиялық саясаты кінәлі деп айтып: «АҚШ Ауғанстан халқының активтерін босатып қана қоймай, осы елге тигізген шығындарын да өтеуі тиіс»,-деді.