Шамхани: АҚШ-тың біржақты саясатына қарсы тұру керек
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Әлем АҚШ-тың біржақты саясатына қарсы тұру үшін бірігуі керек»,-деді.
IV Аймақтық қауіпсіздік диалогына қатысу үшін Тәжікстанға сапар шеккен Әли Шамхани Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен кездесіп, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы сұхбаттасты.
Шамхани осы кездесуде халықаралық сахнадағы жаңа өзгерістерді ескеріп, Иран мен Ресей әріптестігін одан ары нығайту қажетін айтып, Батыстың Ресейге ауқымды санкциялар салғанына тоқталып: «ИИР-дың санкция астында өмір сүріп жатқанына 43 жыл болды. Ол тәуелсіз елге саяси шешімдерді таңу мақсатында салынған санкциялардың әсерсіздігінің символына айналды»,-деді.
Шамхани АҚШ-тың біржақты саясатына қарсы тұру үшін Теһран-Мәскеу стратегиялық әріптестігін бастау керегін айтып: «Санкциялық жағдайда өмір сүруге бейімделіп, ел экономикасын нығайту үшін санкцияларды мұрсаттарға айналдыру керек»,-деді.