Ауғанстанда шиіттердің өлтірілуі айыпталды
БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Ауғанстанда шиіттер мен хазарелердің өлтірілуін айыптап, бұл шабуылдардың алдын ала ұйымдастырылғанын айтып, оның салдары жайлы ескертті.
Ричард Бент Ауғанстанға сапары барысында Кабулда өткізген баспасөз отырысында шиіттерді өлтіруді «адамзатқа қарсы қылмыс» деп атады.
Мазари-Шарифте болған соңғы лаңкестік шабуылдарда ондаған адам қаза тауып, жараланды. Бұл шабуылдарға жауапкершілікті ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды. БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы осы шабуылдарға реакция білдірді. Ал адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын Батыс елдері Ауғанстан халқының қырып-жойылуын әлі күнге дейін үнсіз бақылап отыр. АҚШ ДАИШ мүшелерін Сирия мен Ирактан Ауғанстанға тасымалдап, лаңкестік топтар мен содырларды нығайту арқылы осындай жағдайдың қалыптасуына себеп болып отыр.
Саяси сарапшы Самира Муруввати осы туралы: «ДАИШ жеңілгеннен кейін АҚШ осы топ мүшелерін Ауғанстанға көшіру арқылы осы елде жаңа бүлік бастады. Сөйтіп Ауғанстанда жаңа бейберекеттік пен қатыгездіктер тудырып, аймақтық қауіпсіздігін бұзуды көздеп отыр»,-деді.
Ауғанстаннан ақпарат алып отырған кейбір аймақтық саяси орталардың пайымдауынша, бір жағынан екі фракция Хақани мен Мулла Барадар арасында қайшылықтардың жалғасуы және екіші жағынан Талибан мүшелерінің саяси-қауіпсіздік мекемелерді қаржылай қамтамасыз етпеуі осы топтың кейбір мүшелерінің Талибаннан шығып, ДАИШ-ке қосылуына себеп болды. Олар лаңкестік шабуылдарға, әсіресе мақсатты түрде шабуыл жасауда әсерсіз болмады, тіпті қатысы бар десе болады. Кейбіреулердің айтуы бойынша, Хақани тобы бұрынғыдай Пәкістан армиясына қарасты барлау ұйымының тікелей бақылауында әрекет етеді. Сол себепті Мулла Барадар бастаған Талибан тобы мен АҚШ арасында Доха келісімінің жасалуына кедергі болды. Бұл ел де осыны сылтауратып, Ауғанстанның активтерін тәркілеп, Талибанның қарсыластарын қолдап, Ауғанстанда қанды қырғынның күшеюіне себеп болды.
Пәкістан істері жөніндегі сарапшы Әли Хазаи осы туралы: «Көңіл аударатын жайттардың бірі – Нангархарда Талибанның екі фракциясы Хақани мен Мулла Барадар арасындағы қайшылықтардың жалғасуы. Нангархар – ДАИШ лаңкестік тобы өзінің базасы деп санап, өтірік уәделермен Талибанның наразы мүшелерін тартатын жер. Олар Ауғанстанда бейберекеттікті өршіту арқылы өздерінің сұрқия мақсаттарын көздейді»,-деді.
Қалай болғанда да, Ауғанстан халқы БҰҰ-дан баяндама жасап қана қоймай, халықаралық міндеттемелері аясында қиыншылықтарды шешуге көмектеседі деп күтеді. Өйткені БҰҰ ең ірі халықаралық ұйым ретінде әлем елдерінде бейбітшілік орнатуға көмектесуге міндеттелген. Осы тұрғыдан бұл ұйым Ауғанстандағы қанды қырғынды тоқтату үшін өзінің бар әлеуеті мен тіректерін пайдалануы тиіс. Өйткені Ауғанстанда лаңкестердің жағдайы нығайса, аймақтың қауіпсіздігіне қатер төнеді.