Иран Президенті: Теһран-Ереван кеңестері – терең достық қарым-қатынастың белгісі
ИИР Президенті Теһран-Ереван кеңестерін екі елдің терең достық қарым-қатынасының белгісі деп атады.
Раиси: Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен телефон арқылы сұхбатта: «Иран Арменияны өзіне жақын дос ел санайды. Осы елмен тату көршілестікке зор маңыз береді»,-деді.
Раиси Иранның принциптік саясатын барлық елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдау деп сипаттап: «Аймақтың геосаясатын сақтау, соның ішінде халықаралық шекараларға және елдердің ұлттық егемендігіне құрмет білдіру, аймақаралық коммуникацияның инфрақұрылымдарын нығайту – ИИР-дың баса назар аударып отырған тақырыптары»,-деді.
Ваагн Хачатурян Иранның аймақтағы өзгерістерге қатысты принципті ұстанымдарына алғыс айтып, Иранмен саяси-экономикалық, сауда және мәдени әріптестіктерді дамытуды қалайтынын білдірді.