Жапаров қазақстандық әріптесімен сөйлесті
(last modified Wed, 08 Jun 2022 08:06:59 GMT )
Маусым 08, 2022 14:06 Asia/Almaty
  • Жапаров қазақстандық әріптесімен сөйлесті

Қырғызстан президенті қазақстандық әріптесімен телефон арқылы сөйлескен кезде Қазақстандағы конституциялық өзгерістерді қабылдау бойынша жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады.

 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров   Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп: «Қырғызстан халықаралық бақылаушы ретінде референдумды бақылауда қазақ халқының одан әрі даму жолындағы таңдауының тарихи сәтіне куә болды»,- деді. Тоқаев өз кезегінде қырғыз әріптесіне алғыс айтып: «Қазақстан халқы тағыдырын шешетін шешім қабылдады»,- деп мәлімдеді.

Сондай-ақ екі ел басшылары Тоқаевтың 2022 жылғы 26 мамырда Бішкекке ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылап, екі ел үкіметі мен ұлт арасындағы тату көршілік пен бауырластықты нығайтуға бағытталған белсенді саяси келіссөздерді жалғастыруға келісті.