Раиси: Тәуелсіз елдердің әріптестігі халықаралық ойыншылардың қысымдарын залалсыздандыруға септігін тигізеді
(last modified Thu, 09 Jun 2022 15:16:32 GMT )
Маусым 09, 2022 21:16 Asia/Almaty
  • Раиси: Тәуелсіз елдердің әріптестігі халықаралық ойыншылардың қысымдарын залалсыздандыруға септігін тигізеді

Иран Президенті: «Тәуелсіз елдердің аймақтық және әлемдік деңгейде ұжымдық мүддені қамтамасыз ету үшін өзара әріптестік жасап, үйлесе әрекет етуі басқа халықаралық ойыншылардың іс-қималдары мен қысымдарын залалсыздандыруға септігін тигізеді»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси сәрсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатында Украинадағы қақтығыстардың тез арада аяқталатынына үміт білдіріп, осы дағдарысты шешу үшін дипломатиялық шешім жолының маңыздылығына тоқталып: «ИИР соғысты дипломатиялық жолмен шешуге көмектесу үшін өзінің әлеуеттерін пайдалануға дайын»,-деді.

Владимир Путин Иранда бір пойыздың рельстен шығып кетіп, бірқатар адамның қаза тапқанына көңіл айтып, Иран мен Ресей арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту керегін айтып: «Ресей үкіметі Иранмен банк, транзит, энергетика мен ауыл шаруашылығы салаларында әріптестікті арттыруды қалайды»,-деді.