АҚШ пен Еуропа үштігінің Иранға қарсы қарары АҚХА-ның басқарма кеңесінде бекітілді
(last modified Thu, 09 Jun 2022 18:00:36 GMT )
Маусым 10, 2022 00:00 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Еуропа үштігінің Иранға қарсы қарары АҚХА-ның басқарма кеңесінде бекітілді

АҚШ пен Еуропа үштігінің Иранға қарсы ұсынған қарары Қытай мен Ресейдің қарсылығына қарамастан АҚХА басқарма кеңесінің маусымдық отырысында бекітілді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қарарды ұсынушылар Иранда жарияланбаған үш жерде ядролық заттар пайда болғаны туралы жалған уәждерге алаңдаушылық білдіріп, Ираннан АҚХА-мен толық әріптестік жасауды талап етті.  

Бұл қарарда Ираннан «өзінің заңды міндеттемелерін орындау үшін тез арада АҚХА бас директорының қауіпсіздік-қорғаныс саласында ашық әрекет ету үшін көбірек әрекеттесу мақсатында берген ұсынын қабылдау» сұралған.

Осы қарарда АҚХА бас директорынан да қауіпсіздік-қорғаныс саласындағы мәселелердің барлығы шешілгенге дейін басқарма кеңесіне есеп беруді жалғастыра беру сұралған.

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Ресейдің тұрақты өкілі әрі елшісі Михаил Ульянов Твиттердегі жеке парақшасында: «АҚХА-ға мүше 35 елдің 30-ы осы қарарға оң дауыс берді. Үндістан, Пәкістан мен Ливия қалыс қалса, Қытай мен Ресей теріс дауыс берді»,-деп жазды.  

Ресейлік дипломат: «Әлем тұрғындарының жартысынан көбінің өкілі саналатын елдер бұл қарарды қолдамады»,-деді.