Маусым 10, 2022 00:55 Asia/Almaty
  • Иран СІМ АҚХА басқарма кеңесінің Иранға қарсы қарарына реакция білдірді

Иран СІМ АҚХА басқарма кеңесі Иранға қарсы қарар бекіткеннен кейін: «Бұл қарар агенттік бас директорының сионистік режим берген жалған ақпараттарға сүйеніп, асыға жасаған есебіне негізделген. Бұл Иран мен АҚХА әріптестігін әлсіретуден басқа нәтиже бермейді»,-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ бейсенбі күні таңертең жасаған мәлімдемесінде: «ИИР АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Германия тарапынан АҚХА басқарма кеңесінің отырысында ұсынылған қарардың бекітілуін саяси қате әрі конструктивті емес әрекет деп санайды»,-деді.  

Иран СІМ: «ИИР 2022 жылы 5 наурызда жасалған ортақ мәлімдеме негізінде  нақты техникалық мағлұматтар ұсыну арқылы агенттікпен әркеттесуге ниетті екенін көрсетті. Агенттік те тәуелсіз, ынсапты әрі кәсіби қатынас көрсетіп, ешқашан алаңдаушылық тудырмаған қауіпсіздік тақырыптарында әріптестікті қалыптандыру үшін конструктивті әрі реалистік шара қолданады деп күтеміз. Барлық тақырыптар 2015 жылы 15 желтоқсанда АҚХА басқарма кеңесі тарапынан біржолата жабылғанын кейбіреулер ұмытып кеткен секілді»,-деді.

Тегтер