АҚХА басқарма кеңесі Иранға қарсы қарар бекітті
(last modified Thu, 09 Jun 2022 20:28:58 GMT )
Маусым 10, 2022 02:28 Asia/Almaty
  • АҚХА басқарма кеңесі Иранға қарсы қарар бекітті

АҚШ пен еуропалық үштіктің Иранға қарсы қарары сәрсенбі күні, 8 маусымда Қытай мен Ресейдің қарсылығына қарамастан АҚХА басқарма кеңесінің маусымдық отырысында бекітілді. Бұл қарарға 30 оң, 2 теріс (Ресей мен Қытай) және 3 қалыс (Үндістан, Пәкістан мен Ливия) дауыс берілді.

Қазіргі жағдайда АҚШ пен еуропалық үштік ұсынған қарардың бекітілуі Батыстың Иранға теріс қатынасын айқын көрсетеді. Вена келіссөздері тығырыққа тіреліп, АҚШ Иранға қарсы санкцияларды жоюды және Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізімінен шығаруды қабылдамай отырған жағдайда  олар саяси қысымды арттыру арқылы Теһранды өздерінің қисынсыз әрі зорлықшыл талаптарына көндіре аламыз немесе Иранды өзінің заңды талаптарынан бас тарттыра аламыз деп ойлайды.

Иран бұл саяси әрекетке кесімді реакция білдіріп, ескерту жасады. Өйткені Гросси сионистік режим ұсынған мағлұматтарға сәйкес қасақана есеп беру арқылы осы қарардың қабылдануына жағдай жасады. АҚХА басқарма кеңесінің отырысында дауыс беру басталмас бұрын Иран Атом қуаты ұйымы «агенттіктің осы заңсыз қатынасына» реакциясында осы ұйымның екі бақылау камерасын өшіріп тастап: «АҚХА осы күнге дейін Иранның ауқымды әріптестігіне алғыс айтпақ түгілі, мұны міндеттің бір түрі деп бағалады. Сәрсенбі күннен бастап уранды байыту деңгейін өлшейтін аппарат (OLEM) және агенттіктің шығын өлшегіш аппараты үстіне қойылған камераларды өшіруге бұйрық берді»,-деп мәлімдеді.

Иран Атом қуаты ұйымы: «Әрине агенттікке тиесілі камералардың 80 пайыздан астамы – қауіпсіздікке қатысты камералар. Бұлар бұрынғыдай жұмыс істе тұр»,-деді.

АҚХА басқарма кеңесінде Иранға қарсы қарар бекітілген соң ИИР СІМ мәлімдеме таратып: «Бұл қарар агенттік бас директорының сионистік режим берген жалған ақпараттарға сүйеніп, асыға жасаған есебіне негізделген. Бұл Иран мен АҚХА әріптестігін әлсіретуден басқа нәтиже бермейді»,-деп мәлімдеді. Агенттік конструктивті емес қатынас көрсетіп, аталмыш қарарды бекіткен соң Иран қарымта қадамдар жасады. Дамыған центрифугалар орнатып, бақылау камераларын өшіру осы қадамдардың қатарына жатады.