Байден үкіметі Иранның мұнай-химиялық компаниясына қарсы санкциялар салды
(last modified Fri, 17 Jun 2022 12:17:09 GMT )
Маусым 17, 2022 18:17 Asia/Almaty
  • Байден үкіметі Иранның мұнай-химиялық компаниясына қарсы санкциялар салды

Иранға қарсы тағы бір жаңа әрекетінде Байденнің демократиялық үкіметі Теһранға қатысты дипломатиялық ұрандар айтқанына қарамастан, Иранның мұнай-химия өнеркәсібіне санкция салды.

IRNA-ның хабарлауынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша мәлімдеме жасап, АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы ирандық мұнай-химия өндірушілерінің желісіне, сонымен қатар Trilliance Petrochemical және Iran Petrochemical Trading Company-ді қолдайтын Қытай мен БАӘ-дегі компанияларға санкция жариялағанын хабарлады. АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл компаниялар Иранның мұнай-химия өнімдерінің шетелге сатылуына делдалдық жасауда тиімді рөл атқарады.